Алматыда әскери қызметшінің парашюті ашылмай қаза болғаны анықталды

Сейсенбі, 22 Тамыз , 2017 16:54

Алматы гарнизоны әскери сотында келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскеридің өлімі үшін офицер сотталды.

9336977

2017 жылы наурызда ұшақтан парашютпен секіру кезінде ефрейтор Ермек Өзбеков жазым болған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Қызметінде салғырттық танытты деген айыппен оның командирі – аға лейтенант Біржан Қажиев сот алдына келді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген органдардың айтуынша, командир әскери қызметшілер секіретін ұшақтың типін ескермеген.

Әскери қызметшілер алғаш парашютпен Ан-2 ұшағы немесе Ми-8, Ми-17 тікұшақтарынан секіруі тиіс. Бірақ бұрын-соңды парашютпен секіріп көрмеген Өзбеков C-295 ұшағынан секіретін десантшылар тізіміне енгізілген.

Сот анықтағандай, әскери бөлімшеде  C-295 ұшағынан секіруге дайындайтын арнайы құрылғылар болмапты, ал секіруге ешқандай білімі, тәжірибесі мен біліктілігі жоқ тұлғалар жіберілген.

Секірген кезде ефрейтордың негізгі парашюті ашылмай қалады, тәжірибесі жоқ әскери қосалқы парашютін қолданбаған, сөйтіп қаза тапқан.

Әскери сот Біржан Қажиевты айыпты деп танып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Ол сот залында қамауға алынған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Тағы да оқыңыз:

Бахтияр Артаев: Головкин мен «Канелоның» айқасы нокаутсыз аяқталады

Өзге ағымдағы қазақ жігіті жарылыс жасап шаһит болу жоспары жайлы айтты (видео)

Медициналық сақтандырудан тыс қандай ауру түрлері тегін емделеді?

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар