Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскери қызметкерлердің көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Бір адам көз жұмды (видео)

Алматыда әскери қызметкер жол-көлік апатының салдарынан көз жұмды, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда әскери қызметкерлердің көлігі жолдың қарсы бағытына шығып кетті. Бір адам қайтыс болды (видео)

Жол апаты бүгін таңертең қала шетінде орын алған. Ер адам жедел жәрдем жеткенше тіл тарпай кетті.

Белгілі болғандай, көлікті марқұмның қызметтесі тізгіндеген. Ол ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала нұсқа бойынша, әскерилердің көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған. Салдарынан жеңіл көлік жолдың қарсы жолағына шығып кетіпті. Осы кезде оған басқа көлік соғылған.

Оқиға салдарынан тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Олардың біреуі хирургия бөлімінде жатыр. Екіншісі тексерілгеннен кейін дәрігерлердің көмегінен бас тартқан.

Қазіргі уақытта полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ЧП Казахстан (@chp_kz)

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау