Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әскердегі әлімжеттікке шағымданған жігіттің басы дауға қалды

Әскердегі әлімжеттікке шағымданып, өзі тергеуге алынды. Ұлттық гвардияның қатардағы жауынгері Мәскеудегі әскери жоғары оқуына түсіп, ол жерде оңбай таяқ жегенін айтады. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

4144

Кезекті демалыстан соң денсаулығы сыр беріп, төсек тартып қалған. Сондықтан оқудан шығарылып, енді ауыстырылған әскери бөлімге келмегені үшін істі болып отыр.

Әлинұр Амангелдинов жастайынан генерал болуды армандап, арнайы оқу орындарын аяқтаған. Кейін Мәскеудегі әскери училищеге түсіпті. Бірақ жоғарғы курстағылардан әлімжеттік көріп, оңбай таяқ жейтіндігін қысқы демалыста келгенінде айтқан.

“Қал-жағдайы жаман болды, көзінің асты ісіп кеткен, өзі әбіржіп кеткен. Басы ауырады, қозғала алмайды. Мен білген жоқпын қатты ұратынын”, – дейді Айдана Амангелдинова.

Денсаулығына байланысты қаңтарда оқуын жалғастыра алмай қалған жігіт Алматыдағы госпитальда 8 күн емделіпті. Кейін белгісіз себептерге байланысты оқу орнына емес, өз үйіне кеткен. Содан бері дәрігерлерге қаралса да, оңды нәтиже жоқ.

“Әзірге денсаулығымда жақсы өзгеріс жоқ. Басым әлі ауырады. Мен өзім әскери борышымды өтегім келген. Бұл менің арманым болатын. Генерал болсам дейтінмін”, – дейді қатардағы жауынгер Әлинұр Амангелдинов.

Таяқ астына алғандарға қарсы арыз жазылған. Бірақ іс сағызша созылып келеді, салдарынан өзі оқудан шығарылып, жергілікті әскери бөлімге ауыстырылған екен. Бұл жайлы бірнеше рет ескертілген де.

5 айдың ішінде қатардағы жауынгерге екі мәрте ескерту жасалып, кеше жедел-жәрдем көлігімен мәжбүрлі түрде бөлімге жеткізілді. Себебі ол әлі әскери қызметкер болып табылады.

“ІІМ госпиталіне ем қабылдау үшін жіберілген. Кешегі күнге дейін ол үйынде емделіп келген. Сондықтан біз оны мәжбүрлі түрде әскери бөлімге жеткіздік. Оны осы жерде емдеп, сырқат болған жағдайда комиссиядан өтеді”, – дейді №5571 әскери білімінің бастығы Нұрлан Мұхамедов.

Қазіргі таңда Әлинұр Амангелдиновтың арызы Астанадағы бас әскери полицияның өндірісіне алынған. Ал оған қатысты іс бөлек қаралуда.

Осылайша Мәскеуге кеткен қатардағы жауынгер Амангелдинов Алматыдағы Ұлттық гвардияның санитарлық бөлімінен бір-ақ шықты. Оған әскери қызметтен жалтарды деген айып тағылып, қазір қылмыстық іс қозғалған. Енді арнайы медициналық сараптамадан соң оның жазаға тартылуы немесе әскери қызметтен босалтылуы белгілі болмақ.

ДТП с участием пяти машин произошло в Павлодаре, погиб один человекРИА Новости
ПРОИСШЕСТВИЯ
09:43 25.05.2016Получить короткую ссылку
22900
АСТАНА, 25 мая — ИА Новости-Казахстан. Автомобиль Chevrolet Aveo выехал на встречную полосу движения и столкнулся с четырьмя автомобилями в Павлодаре, водитель Chevrolet Aveo был найден мертвым, сообщила в среду пресс-служба ДВД павлодарской области.

По данным полиции, ДТП произошло 24 мая около 21.00 час.

“Водитель автомашины марки Chevrolet Aveo, проигнорировав запрещающий сигнал светофора, выехал на встречную полосу движения и совершил столкновение с несколькими автомашинами, которые двигались по улице Торайгырова по направлению с востока на запад, а именно: с автомобилем марки Mitsubishi Montero Sport, с автомобилем марки Toyota Gaia, с автомобилем марки Toyota Chaizer и с автомобилем марки Peugeot 308. После дорожно-транспортного происшествия в салоне автомашины марки Chevrolet Aveo был обнаружен труп водителя, 1962 года рождения”, — говорится в сообщении.

В результате дорожно-транспортного происшествия участники телесные повреждения не получили, согласно заключению освидетельствования водители вышеуказанных автомобилей в момент происшествии находились трезвыми.

Автомобиль марки Chevrolet Aveo, c государственным регистрационным номерным знаком 225 ESA 14 поставлен на штраф стоянку Горкомхоза акимата Павлодара.

По факту проводится досудебное расследование по статье 345 ч.3 УК РК, назначена судебно-медицинская экспертиза.

Новости – Казахстан https://newskaz.ru/incidents/20160525/12007889.html#ixzz49e0vgymo

Талқылау