Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арыстанға тас атқан жігіт іздестіріліп жатыр

Алматы зообағында аңдарға тиісушілер көбейіп барады. Бұған дейін, жасы 50-ден асқан адам аюға тас атып, жұрттың наразылығын тудырған еді. Енді, арыстанға дөрекілік көрсеткен отбасының әрекеті жұртты шулатып жатыр. Олар жыртқышқа тас атып, оны оятпақшы болыпты. Ал зообақ басшылығы енді мұндай қонақтарға қарсы шара қолданамыз деп отыр. Бұл туралы КТК хабарлайды.

vmvm-4

Зообаққа қыдырып келген отбасы тәтті ұйқыда жатқан арыстанды осылай оятпақ болыпты. Бірі тасты жерден алып, екіншісі оны жыртқышқа қарай бар күшімен лақтырып жатыр. Сорақысы сол, ата-анасының осындай дөрекі әрекетін кішкентай баласы тамашалап тұр.

Соңғы кездері зообақтың тұрғындарын осылай қорлаушылар көбейіп барады. Мәселен, өткен айда жасы 50-ден асқан ер адам аюға тиіскен еді. Ол мұндай әрекетке немересінің көңілін көтеру үшін барыпты. Ал, ол кезде зообақ басшылығы ешқандай шара қолданбаған. Мекеме басшылығы енді оянған секілді.

“Әрине,бұл құқық бұзушыға, тиісті шара қолданады деген ойдамын. Өзім депутар ретінде өкілді органнан заңнаманың өзгертілгенін талап етемін. Себебі бұндай заң бұзушылар саны көбейіп кетті”, – дейді Алматы хайуанаттар бағының директоры Ержан Еркінбаев.

Тіпті, жануарларды қорғау үшін зообаққа 40-тан астам камера орнатылыпты. Күзетшілердің де санын арттырған.

“Біз барлық жерге бейне бақылау камераларын орнаттық. Енді заң бұзушыларды сол арқылы бақылайтын боламыз. Аңдарға қосымша әйнек орнатамыз”, – дейді Алматы хайуанаттар бағы директорының орынбасары Наталья Ингер.

Негізі арыстан күніне 20 сағат ұйықтайды екен. Мейірімсіз отбасы оның шырт ұйқысын бұзса да, қазір аң патшасының жағдайы жақсы. Ал полиция арыстанға тиіскендерді іздеп жатыр екен.

Оқи отырыңыз:

Сәтбаевта 5 жасар қызды зорлаған педофилді соққыға жыққан қарауыл қызметінен қуылды (видео)

Египетте 6 қазақстандық студент жоғалып кетті

Талқылау