Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арық ішінен өлі табылған әйелді күйеуі өлтірген болып шықты

Алматыда арық ішінен табылған бойжеткен жайлы отбасының танысы айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматыда арық ішінен өлі табылған бойжеткенді күйеуі өлтірген болып шықты

Айтуынша, бойжеткен элиталы үйлерде қарт әйелдің күтіміне қараған. Қыз марқұм болардан бір күн бұрын күйеуі оны қатты ұрып-соғады.

«8 шілдеде күйеуі она қатты ұрады. Ертесінде әйелінің қайда жұмыс істейтінін біліп алып, сонда келеді. Әйелін шақырып алып өлтіріп тастайды. Біреулер зорлады деп ойласын деп киімін шешіндіріп тастайды. Марқұм қыз жұмыс істеген үй иелерінің айтуынша, күйеуінің соққысынан әйелінің құлағы жыртылып кеткен», – дейді Валентина Соболева.

Марқұмның 6 жасар ұлы бар.

«Соңғы кездері күйеуі қалада тұрған жоқ. Екеуі бөлек тұратын. Қыз анасының үйінде ұлымын жүретін еді. Күйеуі баласын тартып алмақ болған. Әйелі еш нәрсе істемесе де, үнемі қызғанатын. Еңбекқор қыз еді. Ақша табу үшін барлық жұмысты істей беретін», – дейді танысы.

Үйдегі бейнебақылау камерасын тексерген полицейлер ер адамды сол күні ұстады. Ол кінәсін бірден мойындады.

Марқұм «Әйгерім» ықшамауданында тұрған. Денесін туыстарына берді.

«Анасы қызының денесінде жарақаттанбаған сау жері қалмағанын айтты. Қансыз болу үшін қандай айуан болу керек. Оны қатаң жазалау керек. Ісіне өкініп те тұрған жоқ. Түрмеге отырады да, босаған соң басқаға сөйтеді. Сонда не болады? Анасына қызын кім қайтарып береді енді?», – дейді анасының танысы.

Полциядағылар бұл оқиғаға қатысты еш ақпараттаратқан жоқ.

Айта кетейік, 9 шілде күні қыздың денесі Алматыда арықтан табылған еді.

Талқылау