Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда арнайы топ қоғамдық көліктердегі ұрыларды аңдып жүріп қолға түсіруде

«Полицейлер құрамынан құралған арнайы мобильді топтар қоғамдық көліктер мен көпшілік орындардағы қалтақағарларды ұрлық кезінде ұстау үшін жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары.

1438576233_get_img

Сурет timeskz.kz  сайтынан алынды

Бір ұрыны полицейлер дәл аялдамада ұстады. Ол адам толы 34-автобустан әйелдің қапшығын ұрлап алған.

«Жас жігіт бір автобустан екіншісіне көп мініп, бірден күдікке ілінді. Ол адам толы автобустарды іздеген болуы керек. Біздің де онымен бірге автобустарға мініп жүруімізге тура келді. Ол Төлеби мен Сейфуллин көшелерінің қиылысына келгенде дереу көліктен шығуға ұмтылды. Кейін анық болғандай, ол ұрлаған қапшығының ішінде қанша ақша барын санап, керегін қалтасына салып алмақшы болған», – дейді Алматы қаласы ІІД полициясының аға лейтенанты Қуаныш Көшкінбаев.

Екі күннен соң полицейлер Сүйінбай даңғылының бойындағы аялдамадан жеңіл олжа табуды көздеген екі ұрыны қолға түсірген. Алматы облысының тұрғындары автобусқа мінген студенттің ұялы телефонын ұрлап алған.

Талқылау