Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда “Анкара” кафесінде донерден уланғандарға өтемақы берілетін болды

Алматыдағы Бостандық аудандық сотында “Анкара” кафесінің иесіне қатысты сот процесі аяқталды. Іс сатып алушылар тағамнан уланғаннан кейін қозғалған болатын.

36

Сурет 7kun.kz

Сот істі қарау нәтижесінде, кафе иесі зардап шегушілердің әрқайсына 100 мың теңгеден моральдық өтемақы беруі керек деген жаза тағайындады.

Еске сала кетсек, 2015 жылы “Анкара” донер сататын кафесінен тамақтанған 36 клиент әлсіздік, температураның көтерілуі, улану себептерімен жұқпалу аурулар ауруханасына түскен болатын. Ал жалпы, дәрігерлерге осы себеппен 60-тан астам адам көрінген.

Санитарлық бақылаушылар түрік кафесінде жұмысшылардың құжатсыз жұмыс істегенін, сондай медициналық тазалық талаптары мүлде сақталмағанын анықтаған. Бұдан бөлек донерлердің антисанитарлық жағдайда дайындалатыны да белгілі болды.

Талқылау