Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Аналар үйінің» көмегімен 3 мыңнан аса ана баласын жетімдер үйіне беруден бас тартты

Тастанды тағдырлар тоғысқан «Аналар үйі» қаламыздан төртінші баспанасын ашпақ. Ұйымдастыру алқасы демеуші кәсіпкерлермен біріккен отырыста осындай шешім қабылдады. Себебі тағы бір әлеуметтік мекеме ашудың қажеттілігі артып тұр екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Яғни, орталықтың 5 жылдық ғұмырында келушілердің саны арта түспесе кемімеген. Бүгінгі таңда еліміз бойынша үш мыңнан астам ана мен бала аталмыш жоба аясында пана тауып отыр. Әлеуметік мекеме қиын  жағдайға тап болған әйелдерге баспанадан бөлек, психологиялық кеңеспен де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүкті немесе нәрестелі әйелдерді өтпелі кезеңнің сынағына шыдап, «көкек ана» атанбауға көмектеседі. Қазіргі таңда еліміз бойынша тастанды балалар саны 70 пайызға төмендепті.

«Бұл әлеуметтік жоба қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген қазақстандық  қалталы азаматтар жобаның меценаты болуға ат салысты. Менде солардың бірімін. Тірі жетімдер санын азайтып, өмірдің қысылтаяң кезеңіне тап болған жас және жалғызбасты аналарға көмектесу әрбір азаматтың борышы деп ойлаймын», – дейді «Аналар үйі» меценаты Самат Даумов.

Оқи отырыңыз:

7 жасар баланың дауы: Анасы мен ұлының қайда екені белгілі болды

7 жасар баланың отбасына қоқан лоқы көрсеткен

Балиева 7 жасар баланың ісіне қатысты айыпталып жатқан ” отбасылық туыстармен” таныс емес екенін айтты

Астанада 7 жасар баланы анасы алып кетті

 

Талқылау