Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда алаяқ ЕВРО-2016 кезінде ірі ұтыс шығарып беремін деп уәде етіп жанкүйерлерді сан соқтырған

Алматы полициясы аса ірі алаяқтық әрекетке қатысы бар күдіктіні тұтқынға алды. 40 жастағы Андрей Ким футболдан Европа чемпионаты кезінде ұтылыссыз нәтижелерді уәде етіп жанкүйерлерді қақпанға түсіріп отырған. Бұл туралы қалалық ІІД хабарлады.

photo_190114

“Ер адам Европа чемпионаты кезінде ақша тігіп ұтыс шығаруды желеу қылып танысынан 30 мың доллар алған. Оған ай сайын мың доллардан астам сыйақы беремін деп уәде еткен. Зардап шегуші азаматтан шағым түскеннен кейін Ким тұтқындалды. Ол қазір ҚР ҚК 128 бабы негізінде Алматыдағы ІІД уақытша тергеу абақтысында отыр”, – деп хабарлады Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы басшысының орынбасары Құмарбек Кеншінбаев.

“Ер адам ақша алғанын жоққа шығармады. Ол ірі соманы қарызға алдым деп отыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның шын себебін анықтаймыз”, – деп атап өтті Кеншінбаев.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдіктіге байланысты Әуезов және Медеу аудандық ішкі істер басқармасына үш шағым түскен. Сондай-ақ, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексеріліп жатыр. Полиция күдіктіні танып, зардап шеккендер бар болса мына нөмірге хабарласуды сұрайды: 298-53-01; 298-53-05 и 298-53-02.

Талқылау