Алматыда алапат өртте тірідей жанып кеткен студенттердің туыстары жұмыс беруші компанияны сотқа бермек

Сәрсенбі, 9 Қараша , 2016 23:15

Бүгін балаларын жер қойнына тапсырған туыстары батут орталығының басшылығынан бөлек, өрт сөндірушілердің қызметіне де өкпе білдірді. Бұл туралы КТК хабарлайды.

29435

Айтуларынша, терезеден секіріп шыққан балалар іште адам қалғанын айтқан. Бірақ төтенше жағдай өкілдері өрт тарамас үшін есікті ашпай, бес студент тірідей от құрсауында қалды.

“Менің тілегімді орындаңыздар. Мен көпбалалы анамын. Баламды жазалаған адамдар кінәсіз қалмасын. Мен сіздерден соны өтінемін”, – дейді анасы.

Жексенбі күнгі өрттен қаза тапқан Еламан Айдаралиевтің денесі бүгін жер қойнына тапсырылды. Баласын жоқтап зар илеген анасы жауапты адамдардың жазасыз қалмауын сұрап отыр. Айтуынша, сол күні таңертең сағат 11-лерде үйінен шығып, Алматыға оқуына қайтқан. Түскі сағат екілерде аман-есен жеткенін телефонмен хабарлапты. Кешке қайғылы жағдайға душар болған. Ал бұған қатысты қатысты жауапты компания өкілдері көңіл айтуға да жарамапты.

“Бәрі келіп жатыр. Ал компаниядан ешкім төбе көрсеткен жоқ, кешірім де сұрап келген жоқ. Материалдық көмек те ешқандай көрген жоқпын”, – деді марқұм Е. Айдаралиевтің әкесі Жанысбек Айдаралиев.

Компания басшылығына қатты өкпелеген әкесі оларды сотқа беретінін айтып отыр. Сондай-ақ, марқұм болған оңтүстікқазақстандық студенттердің де денесі бүгін жерленді. Мұнда да көңіл айтып, көмек беріп жатқан ағайын-туыстарынан бөлек, сыныптастары мен университетте бірге оқыған жолдастары екен. Туыстарының айтуынша, студенттердің өрт ішінен қашып шығуына мүмкіндігі болған. Бірақ өрт сөндірушілер шығар есікті ашпай қойыпты.

“Сыртқа шыққан бала айтты. Мен шырылдап жүгірдім дейді. Бірақ объектіні қоршап қойып ешкімді кіргізбей қойған. Есікті ашуға мүмкіндік бар еді”, – деді марқұм А. Зұлпыбековтің ағасы Махмұт Молдияров.

Өрт болған жерді бүгін қала әкімі Бауыржан Байбек те аралап көрді. Тиісті мекемелерге тапсырма беріп, оқиғаның мән-жайын тезірек анықтау жөнінде тапсырма берді.

Өрт тұтанған батут орталығының директоры да көмек көрсететінін айтқанымен, онысы іс жүзінде әлі орындалмаған. Сондықтан марқұмдардың туыстары онымен енді сотта жүздеспек.Естеріңізге сала кетсек, «Алматы Тауэрстегі» өрт жексенбі күні кешке болған еді. Соның салдарынан 6 адам қаза тапты. Олардың бесеуі аталған орталықта жұмыс істеп, ақша тауып жүрген студенттер болып шықты.

Еске сала кетсек, бизнес-орталықты өрт 6 қараша күні 18:00-ден бастап шарпыған кешкі уақытта шықты. Өрт кезінде жалпы саны 6 адам қайтыс болды. Өрттің шарпыған аумағы 1800 шаршы метрді құрады. Бұған дейін ол жерден тұрғындардың қалай қашып шыққаны туралы дажарияланған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматыда өрттен қаза тапқан студенттер құлыпталған бөлме ішінде қалып кеткен

Жалғызбасты келіншек денсаулығы үшін күн сайын еркектің ұрығын ішетінін айтты (фото)

Семейлік әже зейнетақысына су жаңа пәтер сатып алды

Ақтөбе тұрғындары діни сеніміне байланысты балаларына екпе жасатудан бас тартуда

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Пікір қалдыру


wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
09.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар