Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Әл-Фараби даңғылының жоғары жағындағы биік үйлер сүріле бастады

Алматыда Әл-Фараби даңғылынан жоғары аймаққа ғимарат салған адамдар, жоғарғы екі қабатын бұзып тастауға кіріскен. Бұзу жұмыстары қалалық әкімдіктің ресми рұқсатымен жүзеге аспақ.

1a9111382_3959668

Бұл туралы Астана телеарнасы хабарлайды.

Құрылыс аумағының бас инженері Константин Елизаровтың айтуынша, құрылысты бұзуға әкімдік ресми рұқсат берген. Қазір жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Рұқсат негізінде толықтай бұзуға бір ай уақыт берілген.

“Қазір бұзу жұмыстары басталып кетті. Қазір құрылыстың беткі қабаттары алынып жатыр. Бекітілген ереже бойынша биіктік 12 метрден аспауы тиіс. Біз қазір 2 жоғарғы қабатты алып тастағаннан кейін 12 метр болады”, – дейді Константин Елизаров.

Құрылыс иелеріне ғимаратты қайта бұзу туралы міндет қалалық құрылыс кеңесінің отырысынан кейін берілген болатын. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек қала сыртындағы ғимараттардың биіктігі 12 метрден аспау керек деген болатын. Ал бұл тұрғын үй кешенінің биіктігі 18 метрге бір-ақ жеткен.

Сонымен қатар, өткен аптада қалалық мәслихат биік құрылыстарға тыйым салатын аумақтар көлемін кеңейткен еді. Әл-Фараби даңғылымен қатар Шығыс айналма жолында, Саин, Жандосов көшелері және қаланың батыс шекарасында биік ғимараттар салуға болмайды.

Талқылау