Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда актриса көз жұмған жол апаты: Сот Gelandewagen жүргізушісінің мүлкін тәркіледі

Алматы қаласының Алмалы аудандық соты өткен жылдың соңында үш адамның өмірін қиған жантүршігерлік жол апатына себеп болған Gelandewagen жүргізушісі Ілияс Кардың мүлкін тәркіледі, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда актриса көз жұмған жол апаты: Сот Gelandewagen жүргізушісінің мүлкін тәркіледі

Сурет: Tengrinews.kz/Шокан Алхабаев

Сот қаулысында мәлімденгендей, жол апатынан көз жұмған актриса Шолпан Елгезекованың ағасы Елгезеков Е.Р. материалдық және моральдық шығын ретінде 14 300 000 теңге талап етіп, талап арыз түсірген. Сонымен қатар ол сотталушы Ілияс Кардың мүлкін тәркілеуді сұраған.

Сот төрағасы Роман Селицкий жол апатына қатысты айыпталып отырған Ілияс Кардың мүлкін тәркілеу туралы қаулы шығарды.

Еске сала кетсек, 29 желтоқсанда Алматыдағы Сейфуллин және Абай даңғылдарының қиылысында жол апаты орын алып, салдарынан 3 адам мерт болған еді. Олардың ішінде актриса Шолпан Елгезекова да бар. Дәл осы көлікте отырған актриса Айзада Сатыбалдиева ғана аман қалып, ауыр жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне түскен еді. Ол ақпан айының басында ауруханадан шығарылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау