БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда актриса қаза болған жол апатына қатысты жаңа дерек айтылды

Алматыда Абай мен Сейфуллин көшесінің қиылысында болған жол апатына қатысты жаңа деректер айтылды.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Mercedes Gelandewagen көлігінің жүргізушісі ірі өндірістік компанияның басшысы. Сол күні Алматыдағы «Grand Opera» түнгі клубында көңіл көтеріп, ішімдік ішкен. Ол апат болған жерге жақын маңда орналасқан. Ер адам ресми некеге тұрмаған.

Қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ізбасар Бектұров түнгі клуб иелерінің көптеген құқықбұзушылыққа жол беретінін айтты. Олардың қонақтардың көлік жүргізіп келетінін біле тұра, ішімдік сата беретінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, жол-көлік оқиғасы 29 желтоқсанда Абай және Сейфуллин даңғылдарының қиылысында орын алған. Салдарынан Mitsubishi Galant көлігінде отырған екі жолаушы мен жүргізуші көз жұмды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

 

Загрузка...
Қазір оқып жатыр