Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әкесі кішкентай қызын экскаватормен басып кетті

Алматының маңындағы ықшамауданда экскаватор жүргізушісі жақын жерде ойнап жүрген қызын байқамай, көп тонналы автокөлікті оталдырып, екі жасар баланы басып кетті.

Алматыда әкесі кішкентай қызын экскаватормен басып кетті

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Қайғылы оқиға Алматы қаласының маңында Көлсай шағын ауданындағы жекеменшік аулада болды. Ер адам жұмысынан үйіне келіп, экскаваторды қақпаның сыртына қойып кетеді. Біраз уақыттан кейін ол жұмысқа қайта баруды ойлап, сыртқа шығады. Содан рөлге отырып, көлігін оталдырып жүріп кетті. Алайда, экскаваторшы жүк көлігінің жанында ойнап жүрген қызын байқамаған. Осылайша, әкесі екі жасқа да толмаған қызын абайсызда басып кетті.

Алматыда әкесі кішкентай қызын экскаватормен басып кетті

Дөңгелектің астына түскен қыз ауыр жарақат алып, жедел жәрдем келгенше оқиға ортында қайтыс болды.

Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері жұмыс істеуде. Олар оқиға туралы барлық мәліметтерді анықтайтын болады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау