Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда әділетсіз үкім шығарған судья сотталғалы жатыр

Алматыда Алатау аудандық сотының бұрынғы судьясының атышулы ісіне қатысты сот басталды.

20170518200122

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Бұрынғы судья ҚР Қылмыстық кодексінің 350 бабы (әділетсіз үкім шығару) және 307 бабы (қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану) бойынша айыпталып отыр.

2009 жылдың қыркүйегінде Алатау аудандық сотына Нұрлыбек Масақов пен Баян Мыңбаеваның арасындағы некені заңдық факті ретінде тану туралы іс келіп түседі. Ол қайтыс болған азаматтық некедегі күйеуімен бірнеше жыл бірге тұрғандықтан үйді мұраға алып қалғысы келгенін айтады. Судья олардың арасындағы некені заңды деп таныған.

Кейін марқұмның жалғыз мұрагерімін деген оның інісі сотқа шағымданып, қайтыс болған ағасы мен Мыңбаеваның арасындағы неке қарым-қатынасын танымау туралы шағым түсіреді. Бірақ судья Серімов істі қабылдамай қояды.

Нәтижесінде әйел мұрагерлікті рәсімдеп, Светлана Тұрғанбаеваға үйін сатып жібереді. Алайда судья кейін өз шешімін қайта қарап, әйелдің мұрагерлікке қатысты құқығын заңсыз деп таниды. Сәйкесінше Тұрғанбаевамен жасалған үйді сатып алу туралы келісім-шарт заңсыз болып шыққан.

Сот Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешім шығарады. Ал ол әйел болса өз-өзін өртеп жіберіп, ауруханада көз жұмған. Марқұмның туыстары бастапқыда дұрыс шешім қабылдамағаны үшін судьяны жазалау керек деп талап қойған.

Бұл іс бойынша алғашқы сот отырысы 8 қыркүйек күні өтеді.

Оқи отырыңыз:

Шахан трагедиясы: Қаза тапқандардың отбасы тағы да миллион теңгеден алды

Алматы әуежайында Түркияның 6 азаматы жалған құжатпен ұсталды

Таразда шайхана алапат өртке оранды (видео)

Көлік кептелісінде қалған ер адам көз жұмды

Талқылау