Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда адам қағып денесін бөлшектеп тастаған жүргізуші жеңіл жазамен құтылды

Екі адамды қағып өлтіргені үшін 5 жылға қамалды! Алматыда BMW көлігімен екі адамның денесін бөлшектеп, тағы біреуін ауыр хәлде ауруханаға түсірген Санат Жанатбековке судья осынша жаза кесті, – деп хабарлайды ктк арнасы.

72_main

Ол жазасын қоныс колониясында өтеуі тиіс. Яғни, сотталушы түрмеде жүріп туған-туысымен араласуға, қажет болса, үйіне барып тұруға да құқылы. Санат Жанатбеков Ішкі Істер министрлігіне қарасты мамандандырылған күзет қызметінде жұмыс істеген. Ал қайғылы оқиға өткен айда Жангелдин көшесінде болды. Полицейлер отырған көлік қарсы бағыттағы автобус жолағына шығып, «Дэу Матиз» көлігін соққан. Артынша, жол жиегінде тұрған егде жастағы ағалы-қарындасты екеуді қағып өткен. Қатты соққыдан екеуінің де денесі бөлшектеліп қалған болатын.

Талқылау