Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда Әбу Жихад есімді лаңкес сотталды

Алматыда лақап аты «Әбу Жихад» деп аталатын қазақстандық азамат 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның мүлкі тәркіленіп, енді жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды.

1450425539_prison

Сурет: www.vnd12.ru 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Әбу Жихад лақап атын жамылған К есімді азамат 2013 жылдың қыркүйек-қазанында «Әбу-Дауда» содырларының қатарына қосылып, ДАИШ халықаралық террорлық ұйымы жағында өздері барған елдің үкіметтік күштеріне қарсы әскери қимылдарға қатысқан. Ол Д. есімді азаматты және басқа тұлғаларды Сирия аумағында әскери жанжалдарға қатыстыру үшін қатарына тарту және өзінің мүлкін сату мақсатында 2013 жылғы қазан айының соңында Қазақстанға қайта келген», – деп мәлім етті қала прокурорының бірінші орынбасары Берік Жүйріктаев.

Оның айтуынша, «Әбу Жихад»  әскери оқпен оқтау үшін өзгертіліп жасалған «6П37», «ИЖ-78» модельді травматикалық тапаншаларының 4 данасын және 4,45 мм калибрлі оқу-дәріні заңсыз сатып алып, сақтап, өзімен бірге алып жүрген.

Жіберіп алмаңыз:

Павлодарда Сириядағы соғысқа бармақ болған жігіт сотталды

Мектепті телефон арқылы «бомбалаған» тараздық 5 жылға сотталды

Екі қарағандылық лаңкестікті насихаттап, жұртты ұйымға тартқаны үшін сотталды

Талқылау