Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда абақтыда зорланған келіншек түрме қызметкерінің ашынасы болуы мүмкін

Алматыда түрмеде зорланған келіншек қызметкердің ашынасы болуы әбден мүмкін. Сондықтан жыныстық қатынасқа әйелдің өзі келісім беруі ықтимал  деп хабарлайды КТК арнасы.

Безымянный

 

Осы үлкен дауға қатысты Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Бауыржан Бердалин осындай болжамымен бөлісті.

Оның үстіне төраға жағалай камера тұрғанда, жабылып зорлаудың болуы мүмкін емес дейді. Бірақ, автозакпен жауап алуға тасу кезінде түрме қызметкері мен келіншектің арасындағы әңгіме таныстыққа ұласуын жоққа шығармайды.

Алаяқтығы үшін жазасын өтеп жүрген 32 жастағы Наталья Слекешинаның өзі 4 түрме қызметкерінің жабылып зорлағанын айтып отыр. Ақыр соңында сараптама  жасалып, кішкентай қыздың әкесі Руслан Хәкімов екені дәлелденді.

Тура абақты ішінде ойнас жасаған қызметкер қазір екі айға қамауға алынды. Нәпсіқұмар қалған әріптестері әзірше бостандықта.

Еске сала кетсек, бір ай бұрын жазасын өтеуші Наталья Слекишина колония қызметкерлері жабыла зорлағаннан кейін жүкті болып қалып босанғанын айтқан еді. Әйел оның жүктілігін жасырып, істі жауып тастауға талпынғандарын да айтты. Ол өткен жылдың қазан айында Алматы қалалық ішкі істер департаментіне шағым жазған. Бірақ, іс соңына дейін жалғаспаған. Айман Омарованың айтуынша, жазасын өтеуші өзін зорлады деп айыптаған изолятор қызметкерлері күдікті ретіде ұсталмаған. Түрме қызметкерлерінен бала босанған әйелдің адвокаты шулы мәлімдеме жасаған еді.

Талқылау