Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 9 жастағы қызды ұрып, зорламақ болған азамат 20 жылға сотталды

Алматыда 9 жастағы қызды ұрып, зорламақ болған азамат 20 жылға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.

судья

Тергеу материалында көрсетілгендей, 2015 жылы 23 маусымда Н. есімді ер адам мас күйде 9 жасар қыз баланы алдап, бейіт аумағына алып келген. Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, күш қолдана отырып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасаған.

Дегенмен, сотталушы мас күйінде болғандықтан, қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген. Кейін қылмыскер жәбірленушінің алтын сырғасын жұлып алып, бос құмырамен қыздың басынан бірнеше рет ұрған.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы сотталушыны ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі, 120-бабы 4-бөлігі, 121-бабы 4-бөлігі, 192-бабы 1-бөлігі, 106-бабы 2-бөлігі 11) тармағымен кінәлі деп тауып, 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

 

Сондай-ақ, сотталушының мүлкі тәркіленіп, білім беру және тәрбиелеу қызметімен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

 

Талқылау