Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 9 қабатты тұрғын үй өртенді

Алматыда 9 қабатты үйде өрт шықты, деп хабарлайды ҚР ІІД ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда 9 қабатты тұрғын үйде өрт шықты

31 тамызда сағат 22:09 –де Алатау ауданы Алғабас ықшамауданында 9 қабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы пәтерде өрт шыққан. Өрт аумағы 15 шаршы метрді құрайды.

«70 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 22:36-да ауыздықталып, 22:54-те толығымен сөндірілді», – делінеді хабарламада.

Өрт салдарынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өрт сөндіру, эвакуациялау және басқа да шұғыл жұмыстарға 26 өрт сөндіруші және 8 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау