Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 7 адамнан тұратын көпбалалы отбасы иіс газынан уланып қалды

Алматыда 7 адамнан тұратын отбасы иіс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда 7 адамнан тұратын отбасы иіс газынан уланып қалды

Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Оқиға 22 ақпанда Шұғыла ықшамауданында орын алған. Таңғы сағат 06:30 шамасында құтқарушыларға 7 адамнан тұратын отбасы иіс тиіп, ауруханаға жеткізілгені туралы қоңырау түскен. Иіс тиген 7 адамның бесеуі – балалар.

Оқиға орнына келген құтқарушылар отбасының иіс газынан улануына қатты отынмен жанатын пеш себеп болғанын анықтады. Үйдегі ересектер пештің есігін қатты жабуды ұмытып кеткен екен.

ТЖ қызметкерлері отбасымен түсіндіру жұмыстары жүргізді.

Ал қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар отбасы мүшелерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрмағанын айтты. Олардың бәрі улануға қарсы ем алып жатыр. Олар есін біледі, таяуда ауруханадан шығарылады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр