Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 5 автокөліктің күлі көкке ұшты

Таң ата тұтанған өрт айналасы бірнеше минутта ғимаратты тұтас шарпып, күлге айналдырған. Жөндеу орталығын аман алып қалуға өрт сөндірушілердің шамасы жетпеді. Жақын маңдағы тұрғын үйлерге де қауіп төнген.

0_8ac15_a3d1f982_XXXL

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Өртенген көлік иелері әлдекімдерге хабарласып, телефонмен тынымсыз сөйлесуде. Кеше ғана көлігін орталыққа кіргізген бұл жігіт өрттің болғанын радиодан естіп алқынып жетті. Қаңқасы қалған пикап көлігі осы жігіттікі. Ал күлдің ортасынан көлігінің нөмірін тауып алған азамат та өз көзіне өзі сенер емес. Куәгерлердің айтуынша, жөндеу орталығы әп-сәтте қызыл жалынға оранған.

“Шатырлаған дыбыстан оянып кеттік. Сағат бес жарым еді. Көшеге шықсақ, көршіміздің жөндеу орталығы жанып жатыр. Өрт сөндіру қызметіне өзім звондадым, олар айтарлықтай кешігіп келді”, – дейді куәгер Алена Люфатова.

Бұдан алты күн бұрын Алматыдағы көлік жөндеу орталықтарының бірінде де өрт болып, бірнеше көлік зардап шеккен. Көлік иелерінің көкейіндегі негізгі мәселе шығынды өндіру. Жөндеу орталығының қожайындары мен көлік иелерінің арасында жазбаша келісімнің жоқ екені белгілі. Ал көлікті міндетті сақтандыру полисі қандай жағдайда шығынды өтейтінін арнайы мамандар түсіндірді.

“Бұл жағдайда әуелі шығын көлемін есептеу керек. Содан кейін көлік иелері жөндеу орталығының иесін сотқа бере алады. Ал міндетті сақтандыру полисі дәл осы жағдайда шығынды өтей алмайды. Ол үшін міндетті сақтандыруға қоса, ерікті сақтандыру полисін де алу тиіс. Оның бағасы көлік құнының 2-10 пайызын құрайды”, – дейді Қазақстанның сақтандыру омбудсманы Андрей Копов.

Сондықтан өртенген көлік қожайындары “Авто-каско” аталатын сақтандыру түрін рәсімдеген жағдайда ғана шығынды өндіре алады екен. Оның өзінде нақты өрттің шығу себебі мен арнайы шарттар ескеріледі. Ал бес көлікті күлге айналдырған өрттің себебі әлі анықталмады.


Жіберіп алмаңыз:

Оңтүстікте жантүршігерлік жол апаты болды

Оңтүстік Қазақстан облысында егде ерлі-зайыптыларды шауып тастаған

Ұлы анасын күрекпен ұрып, ауласына тірідей көміп тастаған

Қазақстандық әйел өзін асқан хайуандықпен зорлаған қожайыны туралы айтып берді

Талқылау