Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 5 адам отқа оранған үйден шыға алмай мерт болды

Өрт сөндірушілер ақпарат түсе сала жеткенімен, 4 үйлік барақтағы өртті лезде өшіру мүмкін болмапты. Күш алған жалын 100 шаршы метр аумақты күлге айналдырып, үй ішінен 5 адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды КТК арнасының сайты.

Безымянный

Марқұмдардың үлкені 33 жаста, кішісі енді 27-ге толған.

Тағы бір келіншек оңбай күйіп, қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Ал үй иесі соңғы уақытта ішімдікке салынып жүрген екен. Өрт тұтанғанда да сол әдеттегі шулы отырыс өтіп жатқан сыңайлы.

“Күні бойы ішумен болды.Кешке таяу тіпті төбелесті. Өрт соның артын ала шығып отыр. Бәріміз далаға қаштық. Ал ол үйден ешкім шыға алған жоқ”, – деді көршісі Кондакова.

Талқылау