Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 47 жыл бойы донор болған қария Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Алматы тұрғыны Александр Скаковский барлығы 600 литр қан тапсырған. Ол 47 жылдан бері қан тапсырған.

Алматыда 47 жыл бойы донор болған қария Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Фото: Время

Әлемдік рекорд орнатқан Джеймс Харрисон есімді австралиялық азамат та өмір бойы қан тапсырып, аптасына бір рет қан өткізіп отырған. Алғаш 25 жасында тапсырған. Александр Скаковский одан 75 донация ғана аз қан тапсырған екен, деп хабарлайды Алматы арнасы.

«Донор салауатты өмір салтын ұстануы тиіс. Әсіресе қан тапсыру алдында тұтынатын тағамға мән беру керек. Қан тапсыруға бірнеше күн қалғанда майлы, сүрленген, ащы тамақтан да бас тарта тұрған жөн. Сонымен қатар спирттік ішімдікті мүлдем ішуге болмайды»,-деді ҚР құрметті доноры Александр Скаковский.  

47 жыл ішінде 1098 рет қан тапсырған отандасымыз рекорд бойынша екінші орында. Сол арқылы талай науқасқа жәрдем берген.

«Мен өтеусіз қан тапсыратын болғандықтан, орнына ешнәрсе талап етпеймін. Адамдардың өміріне араша түскеніме қуанамын»,-деді ҚР құрметті доноры Александр Скаковский.

«Қарт донор өзге қазақстандықтар үшін үлгі. Өйткені әрбір адам мұндай қадамға бара бермейді. Донор болудың адамға, ағзаға зияны жоқ екендігін, керісінше пайдалы екендігін осы Александр Скаковскийге қарап айтуға болады»,-деді Республикалық қан орталығы директорының орынбасары Саида Арыспаева.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау