Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 40-қа жуық автобус жүргізушілері ереуілге шықты

Алматыда 40-қа жуық автобус жүргізушілері жалақыларын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты.

лорп

Сурет obk.kz

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

“Green Bus Company” компанясы филиалының директоры Бауыржан Құлышевтің айтуынша, ереуілге компания штатында тұрған және автобус жүргізу үшін арнайы келісім жасасқандар шыққан. Компания қарамағындағы 42 автобус сенімхат негізінде бес жылға сатып алу құқығынсыз берілген. 40 маршруттың жүргізушісі өз жоспарларын орындап 120-130 мың теңге көлемінде айлық алған, кейбірі 170 мың теңге алыпты. Ал жоспарды орындай алмаған екі маршрут жүргізушілері 60-70 мың теңге көлемінде ғана айлық алған.

“Ереуілге қатысып жатқан 40 адам айлықтарын 150 мың теңгеге дейін жоғарылатуды талап етуде. Бұлар өз жоспарларын атқара алмаған екі маршруттың жүргізушілері”, – дейді Құлышев.

Филиал директоры ереуілшілерге егер қайтадан жұмысқа оралатын болса, онда автобустың сынып жүрмей қалған кездері үшін де ақша төлеуге дайын екендерін айтты.

“Жүргізушілер еш ымыраға келместен, айлықты 150 мыңға көтеруді ғана талап етіп жатыр. Олар осылайша қалай жүргендеріне қарамастан тұрақты айлық алғылары келеді. Біз бұл талаппен келіспейміз”, – дейді ол. Директор жолаушылар автобустарды тұрақты түрде жүрмейді, кешігіп келеді деп жиі шағым білдіргеннен кейін еңбек ақы төлеу формасын өзгерттік деп атап өтті.

“Аялдамада кейде 20-30 минут бойы автобус болмай қалатын сәттер болады. Тұрақсыздық үшін бірнеше рет жүргізушілерге сөгіс те бердік. Ақыры олар мұндай тұрақтылыққа бара алмайтын болған соң, амалсыз айлық төлеу шартын өзгертуге мәжбүр болдық. Біз қазір барлығына сөгіс бердік. Егер олар ертең де жұмысқа шықпайтын болса, тағы да жариялаймыз”, – деді директор.

Талқылау