Алматыда 4 қабатты дөңгелек шыны үй салынады (фото)

Жұма, 25 Наурыз , 2016 9:48

Алдағы жылы Алматыда жас сәулетші Айбек Алмасовтың цилиндр тәрізді ерекше үйінің құрылысы басталады.

20160323171701

Бұл туралы Егемен Қазақстан басылымы хабарлайды.

Жан-жағын 360 градуста емін-еркін бақылауға болатын шыны үй 4 қабаттан тұрады. Үйдің қақ ортасында биіктігі 12 метрге жететін қарағай өсіп тұр. Шыны ғимараттың металдан құйылған төрт тіреуіші бар, үйге енгендер айналма баспалдақпен жоғары көтеріледі. Перде ілінбеген, кедергі сүйеніш қойылмаған, қабырға екі қабат шыныдан жасалған. Жоба авторының алға қойған мақсаты – қаланың қажытқан «тас орманынан» бір мезетте сытылып шығып, таза табиғаттың аясында тынығу.

20160323171704

Қазір жобаға екі инвестордың аңсары ауып отыр¬ғаны мәлім болды. Олардың бірі шыны қабырғаларға күн батареяларын жапсырып, жасап шығаратын зауыт иесі екен.

Бір сөзбен айтқанда, «ашық-шашық» болғанмен, болашақтың ғимараты саналатын шыны үйде қазіргі талапқа сай энергия үнемдейтін «жасыл» технология молынан пайдаланылады.
Алматыдағы сәулет-құрылыс академиясының түлегі Айбек Алмасов бұған дейін BION-велосипедін жасап шығарған. Келешегінен көп үміт күттіретін жас сәулетші еңбегінің жанатынына сенімді. Оның бес айда құрастырған бұл үйі тапсырыс беруші үшін қазіргі бағамен есептегенде 86 миллион 250 мың теңгеге түсті.

20160323171658

20160323171655

20160323171652

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар