Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда қандай жекеменшік клиникалар лицензиясынан айырылуы мүмкін

Алматыда 4 бірдей жекеменшік клиника лицензиясынан айырылып тынуы мүмкін. Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті оларға тексеріс жүргізгеннен кейін сотқа шағым түсіріпті, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Алматыда 4 бірдей жекеменшік клиника лицензиясынан айырылуы мүмкін

Департаменттегілер клиникаларға тексеру жүргізіп, нәтижесінде қағазда ғана бар медициналық құрылғыларды анықтапты.

Сондай-ақ мақтаулы клиникаларда хирургиялық қызмет, операциялық бөлім жұмысында бірізділік жоқ көрінеді. Ондағы дәрігерлер пациентке ота жасар алдында оны бақылап, препараттарға аллергиясы бар-жоғын тексермейтін боп шықты.

Сонымен қатар, шаһардағы үш клиникадан санитарлық бұзушылықтарға жол бергені анықталған.

Мамандардың сөзінше, өз ісіне салғырттық танытып, жауапкершіліксіз қараған дәрігерлер жазаланады.

«Номад», «Москва Люкс», «Сұңқар» медициналық орталықтарында тексеру жүргіздік. Бұл мекемелерде халық ақша төлеп барады. Алайда, емханаларда медициналық талаптар мен ережелер сақталмағаны белгілі болды. Біз өз тарапымыздан сотқа арыз жаздық. Мұндай мекемелер жұмысын тоқтатуы тиіс. Науқастардың ажал құшуына дәрігермен қоса, жалпы медициналық орталықтың сапасыз жұмысы себеп», – дейді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау