Алматыда 3 жұмысшы үйінді астында қалып, мерт болды

Сәрсенбі, 25 Қараша , 2015 9:16

Алматыда Әуезов ауданында 3 жұмысшы топырақ астында қалып, мерт болды. Бұл туралы қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова айтты.

023514.2

Қайғылы оқиға туралы хабарлама түскі 16:43-те түскен. Жұмысшылар жер қазып жатқан кезде топырақ опырылып түскен.

Алматы қалалық Құтқару қызметінің қызметкерлері үйінді астынан 3 адамның денесін алып шықты.

Қаза болғандардың екеуі  33 жастағы  Алматы қаласының және облысының тұрғындары болып шықты. Үшінші адамның кім екендігі анықталып жатыр.

Оқиға орнына жедел түрде Әуезов ауданы бойынша ТЖ қызметінің екі қызметкері барған. Қалалық құтқару қызметінен жеті құтқарушы мен бір техника, Республикалық жедел құтқару қызметінен 11 адам мен бір техника жеткізілген.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар