Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 3 жасар қыз қаңғыбас иттердің талауынан көз жұмды

Алматының Алатау ауданында Ақбұлақ кентінде үш жасар қыз қаңғыбас иттердің талауынан көз жұмды.

11645594

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанда 2013 жылғы қыздың үй ауласында ойнап жүріп, иттерге таланғаны анықталды. Алған жарақаттарынан қыз бала сол жерде көз жұмған.

“Жедел-тергеу тобы оқиға орнына барғанда 2013 жылғы қыздың үй ауласында ойнап жүріп, иттерге таланғаны анықталды. Алған жарақаттарынан қыз бала сол жерде көз жұмған”,-деді қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның мәліметінше, 102-ге қыздың атасы хабарласып, немересінің иттерге таланғанын айтқан.

Сот-медициналық сараптама тағайындалады. Осы дерек бойынша тергеуді  Алатау аудандық ІІБ жүргізуде. Тергеудің қорытындысы бойынша процессуалдық шешім шығарылады.

Талқылау