Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш баланы өрттен құтқарған 5-сынып оқушысын мараппаттамақ

5-сынып оқушысы Данияр Сатыбалдыны Алматы қаласында болған өрттен екі бауыры мен әпкесін аман алып шыққаны үшін «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төс белгісімен марапатталмақ.

10869947

Бұл туралы қалалық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төс белгісімен марапаттау салтанаты 2 ақпанда №152 мектеп-гимназиясында өтеді.

Өрт Ұлжан-1 ықшамауданында 29 қараша күні орын алған. Үйде үлкендерден ешкім болмаған. Тек Данияр мен оның 8, 7 және 3 жастағы іні-қарындастары болған.

«Бөлмеде ыстын иісі сезіле бастағанда Данияр бүлдіршіндер үшін алаңдап, солардың бөлмесіне кіріп барған. Терезені сындырып сол жерден балаларды сыртқа шығарған. Кейіннен өзі шығар кезде сол аяғын жарақаттап алған».

Осындай оқыс жағдайда албырттық танытқан Данияр Айдынұлы 2004 жылы дүниеге келген. Ол ҚР ІІМ-нің 2016 жылғы 8 қаңтардағы бұйрығымен «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төс белгісімен марапатталмақ.

Талқылау