Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 25 жастағы бойжеткен жоғалып кетті

Алматыда 25 жастағы Алена Захарова есімді келіншек жоғалып кетті. Оның жоғалғаны туралы туысқандары мен достары әлеуметтік желісінде хабарлады.

в

«Достар, 13 қыркүйектен бері 1991 жылы туған Алена Захарова Юрьевнаны таба алмай жатырмыз. Шашының түсі қара, бойы 163 см, 13 қыркүйек күні сағат 13: 00 шамасында Сәтбаев және Розыбақиев көшелері маңындағы банкте болған. Көк джинсы шалбар, қара кофта, қызыл жилет, қара кроссовка киген. Өтініш, оны көрген, байқаған адам болса, 8(727)243-05-77, 8(705)913-22-25 немесе 102 » нөмірлеріне телефон соғуды сұраймыз», – деп жазды жоғалған қыздың сыныптасы Айка Алексеева-Елібаева.

Оның айтуынша, Аленаны үйінде кішкентай қызы күтіп отыр.

«Ол банкке кеткен. Сол жерден соңғы рет 13-30-да телефон соқты. Осыдан кейін, із-түзсіз жоғалды. Біз сол күні АІІБ арыз жаздық. Іздеу шаралары қолға алынды», – деп жазылған әлеуметтік желідегі хабарламада.

 

Талқылау