Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 22 жастағы жігіт биік көпірден секіріп өлмекші болды

Алматыда ер адам Төле би және шығыс айналма жолындағы көпір үстінен секіріп кетпекші болды.

Безымянный

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Полиция мәліметінше, қауіпті әрекетке барған ер адам Орал қаласының тумасы екен.

“1995 жылы туған ер адам көпірден секіруге әрекеттенді, бірақ жасаған жоқ. Онымен жақын маңда тұрып келіссөз жүргізген полицейлер жігітті райынан қайтарды. Бұл кезде төтенше жағдай қызметкерлері төменде палатка ұстап, оқыс жағдайға да дайын болып тұрды. Коммуналдық қызмет өкілдері де көмекке келді. Нәтижесінде жігіт төмендегі палаткаға секірді”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазір полицейлер ер адамның тұлғасын анықтап жатыр.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте құтқарушылар кәріз құдығына құлап кеткен 1 жарым жасар балақайды аман-есен алып шықты (видео)

Қарағанды облысында апат салдарынан үш адам қаза тауып, тағы үшеуі зардап шекті

Жантүршігерлік қылмыс: Көкшетаулық судьяның өліміне қатысты қылмыстық істе жаңа деректер пайда болды

Әскери қызметкер әйелін бас сүйегі шытынағанша тепкіледі (фото)

Талқылау