Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 21 жастағы жігіт жоғалып кетті

Алматыда 21 жастағы Нұрдәулет Иманғалиев жоғалып кетті.

20160812154313

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Достар, менің туған інім жоғалды, жұмыстан үйге оралмағанына 5 тәулік болды. Саяхат, Покровка аудандырында біреу көрген шығар, хабар беріңіздерші. Оның есімі Иманғалиев Нұрдәулет 1994 жылы 30 тамызда туған. Менің телефон нөмірім – 8 702 916 38 09», – деп жазды Нұрдәулеттің әпкесі Назерке Сейтбекова.

Назерке Сейтбекованың сөзіне қарағанда, інісі қаладағы сауда-ойын сауық кешендерінің бірінде жұмыс істейді.

«Ол жексенбі күні түнгі ауысымдағы жұмысынан шығып, қалада достарында қалды. Алайда, қандай достар екенін білмейміз. Дүйсенбі күні ол күні бойы қоңырауларға жауап бермеді. Ал сол күні кешке түнгі сағат 11-лер шамасында ол қалада екенін және барлығы жақсы екенін айтты. Сейсенбі күні қаладан жұмысына баратынын жеткізді. Сейсенбі күні бізге қоңырау шалып, інімнің жұмысқа шықпағанын айтты. Содан бірнеше күннен бері телефонына шыға алмай отырмыз. Ешкім жауап бермейді. Ол үнемі байланыста болған. Кешіккен жағдайда ата-анамызға хабарлайтын. Жексенбі күні Саяхат ауданында банкоматтан ақша алғанын ғана білеміз», – деді Назерке телефон арқылы «ҚазАқпарат» тілшісіне.

Нұрдәулеттің туыстары оның жоғалғаны жайлы Талғар аудандық ІІБ-не хабарлағанын айтты.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда адасып қалған 4 жасар бүлдіршіннің анасы табылды

Екі ай бұрын жоғалып кеткен павлодарлық жігіт өлі күйінде табылды

Алматыда университет студенті жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Талқылау