Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2019 жылы екі метро стансасы қолданысқа беріледі

Қазіргі таңда Алматы метросының бірінші желісінің екінші кезеңі салынуда. Ол батысқа қарай бағытталған. «Достық», «Сарыарқа» стансалары 2019 жылы қолданысқа беріледі.

poezd_01-12-110b

Бұл туралы Алматы ақшамы хабарлады.

Мұнда метроның «Мәскеу» және «Сайран» стансалары 2015 жылғы сәуір айында пайдалануға берілген болатын. Бұған дейін Алматы жерасты көлігінің ұзындығы 8,56 шақырымды құраса, қос стансаның іске қосылуымен ол тағы 2,74 шақырымға артты.

2011 жылы метромен қатынайтын адамдардың саны 12 мыңнан аспайтын, бірақ 2014 жылы жолаушылар саны бірден 2 есеге көбейген. Ал екі стансаның арқасында соңғы бір жылда жер асты көлігін пайдаланушылар саны 40 пайызға артқан. Бұрнағы жылы метро 6-8 миллион адамды тасымалдаса, былтыр олардың қатары 10 миллион жолаушыдан асыпты.

Талқылау