Алматыда 20 жастағы қызға 3D-принтердің көмегімен протез қол салынды

Жұма, 26 Тамыз , 2016 12:54

Алматыда 20 жастағы қызға принтер арқылы қол протезін салып берді. Енді оның қимыл-қозғалыс жасауға деген мүмкіндігі едәуір артты.

9586575607

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Айман Молдабаева – фитнес-орталықта әкімші болып істейді. Ол клиенттермен жұмыс істеп, келушілерге тренажерлік залды көрсетеді. Оң қолдың сүйегінсіз өмірге келгендіктен, ол протездің көмегіне сүйенуге мәжбүр. Бұрын ол жәй косметикалық құрылғы еді. Еш сығымдалмайтын. Барлық жұмысты тек сол қолымен атқаратын. Енді Айманға 3D-принтер арқылы қол салып берді. Жаңа протез тек әдемі ғана емес, сонымен қатар ыдыс, телефон, басқа да жеңіл заттарды ұстауға мүмкіндік береді. Ал достары болса оған әйгілі “Темір адам” фильміндегі кейіпкер Тони Старкке ұқсатып әзілдей бастаған.

“Үнемі күртеше киіп жүретінмін. Оның түсі ақшыл сары болғандықтан адамдар көп байқай бермейтін. Ал қазір ол қара. Адамдар көрсе де менде еш қысылу, ұялу енді болмайды”, – дейді Айман.

ымым

Бір жылдық кепілдігі бар бұл функционалды протездің бағасы 85 мың теңге. Кәсіпкерлер пластикалық құрылғы 10 жылға дейін жұмыс істейді дейді. Алдағы уақытта өндірістен аяққа арналған да протездер шығару қарастырылып отыр.

“Онда қолдың қаншалықты көлемі жоқ екеніне байланысты. Егер оның буыны бүтін болса онда механикалық протез беруге болады. Ондағы сымдар протез арқылы өтіп, саусақтардың арасынан жалғанып, керілген кезде саусақтардың қимылдауына мүмкіндік береді. Егер адам қолын бос ұстаса, протез де еркін күйге енеді”, – дейді 3D-студияның менеджері Ғазиз Егізбаев.

Ғылымның жылдам дамып жатқаны соншалық, жуырда нарықта нейронды протездер де пайда болуы мүмкін. Онда жасанды қолдың шынайы қолдан айырмашылығы да шамалы болып қалмақ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар