Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2 жастағы бүлдіршінді күтушісі аямай ұрып-соғып, комаға түсірген (фото)

Алматы қаласында белгісіз әйел екі жастағы бүлдіршінді аямай ұрып-соққан. Кейін оны полиция қызметкерлері тұтқындаған. Алайда белгісіз себептермен әлгі әйел қолхат арқылы босатылған.

image

Бұл туралы көп балалы ана Виктория Момынбаева өзінің Facebook парақшасында жазды.

“Достар, осы жазбамды бөлісулеріңізді сұраймын. Бұл барып тұрған бассыздық қой! Күтушісі баланы аямай ұрып-соққан. Дәл қазір ол қолхат арқылы босатылған. Айтарға сөз таппай отырмын. Жаман істің жазасы болуы керек. Менен волонтерлер келіп көмек сұрады. Осы отбасыға қолұшымды созуды өтінді. Құтжанов Мансұр 03.08.2016 күні ауруханаға түскен. Миы ісініп, қанды ісік пайда болған.

Екі ота жасалып, сүйегі алынып тасталған. Мансұр комадан енді ғана шықты. Анасымен бірге бірінші қалалық балалар ауруханасының 3 бөлімінің 8 палатасында жатыр. Мансұрдың анасы оны жалғыз өзі тәрбиелеп жүр екен. Пәтер ақысын төлеу үшін екі жұмыста істейтін көрінеді”, – деп жазады ол.

Мұнымен қатар, Момынбаева жапа шеккендердің суретін жариялады. Пікір білдірушілердің бірі бүлдіршіннің әлі жан сақтау бөлімінде жатқанын айтып қалды.


Жіберіп алмаңыз:

Воронеж тұрғыны қараңғыда қарындасын танымай, ұрып-соғып тонап кеткен

Шымкентте ер адам әжесін зорламақ болған танысын ұрып өлтірді

Австралиялық топ-модельді күйеуі ұрып жатқан бейнежазбасы пайда болды (видео)

Күйеуі өлтірген Нұрипаның анасы құдағиын да қамауға алуды сұрайды

Талқылау