Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 2 жасар сәби дәрігер қателесіп салған екпеден кейін көз жұмған

Сандық жүйе нәтиже береді деп үміттенейік. Себебі, тергеу ісіне көңілі толмайтындар көп. Алматы қаласының тұрғыны Балқия Оспанова екі жылдан бері «қызымның қазасына кінәлі дәрігерді жауапқа тартқыза алмай отырмын» дейді. Сәбидің өліміне қатысты қозғалған  қылмыстық істің неге әлі күнге дейін сотқа жетпегені түсініксіз. Қазақстанда дәрігердің кінәсін дәлелдеу – инемен құдық қазғандай қиын іс сияқты.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Балқия «2015 жылдың желтоқсан айында  болған оқиға әлі көз алдымда» дейді. Екі жасар Сәуленің дене қызуы көтерілген соң жедел-жәрдем шақырыпты. Айтуынша, дәрігер «қыздың тамағы ғана қызарып тұр» деп дәрі-дәрмек жазып, ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ деген. Алайда қызуы дәріден кейін де түспеген соң, жедел жәрдемді қайта шақыртқан. Бұл жолы да осы дәрігер келіп, балаға қатарынан екі екпе жасағанын айтады. Сәлден кейін бала жүріп кеткен.

“Одан баланы моргқа алып кетіп, бір айдан кейін жауаптары келді бізге. Бала уколдан өлген, анафилактикалық шок алған. Басында врач мен ешқандай укол салмадым деген, бір жылға дейін. Бір жарым жылдан кейін жақында бізден тағы да сұрақ-жауап алынды сонда врач «мен укол салдым, екі укол салдым» деді”, – дейді Сәуленің анасы Балхия Оспанова.

Перзентінен айырылған ана дәрігер жаупкершіліктен жалтару үшін «ата-ананың өзі ауруханаға жатудан бас тартты» деген құжат жасатқан дейді. Алайда қолжазба сараптамасы бұл құжаттың жалған екенін дәлелдеген. Кейін баланың қаза болуы себебін анықтайтын екінші сараптама да жасалған. Полиция екі сараптама нәтижесінің бір-біріне қайшы болуынан іс созылып кетті дейді.

“Осындай екі жақты сараптамалардың нәтижесінде біз үшінші кешенді сараптама тағайындауды жөн көрдік. Ол Астана қаласында өтетін болды”, – дейді Алматы қаласы ішкі істер басқармасының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек.

Ал осы қылмыстық іске жауапкер ретінде тартылып отырған жедел жәрдем дәрігері әлі күнге дейін жұмыс істеп жүрген көрінеді. Қылмыстық іс созбалаңға салынып жүргеніне наразы ата-ана бұл іске Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің араласуын сұрайды. Себебі бұған дейін денсаулығында кінарат болмаған бүлдіршінді дәрігер өзі өлітіріп алды деген сенімде.

Жіберіп алмаңыз:

ШҚО-да 12 жасар оқушы қыз асылып қалды

Жамбыл облысында алып қашып кеткен қалыңдық үшін атыс болды

Астанада екі қызды қағып кеткен Infiniti көлігінің жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын айтып берді

«Өз әйелімді өлтірдім» деп видео жариялаған Шымкент тұрғыны тұтқындалды

Талқылау