Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 18 жастағы жігітті бұзақылар соққыға жығып, саусағын кесіп тастады

18 жастағы Данияр Машуровтың анасы ұлын соққыға жыққан қылмыскерлерді тауып, оларды жауапқа тартуды сұрайды. Жас жігітке бөтен адамдар шабуыл жасап, пышақтап кеткен. Алайда, оның анасы тергеу әлі жылжымай жатыр деп, кінәлілер жазадан құтылып кетуі мүмкін айтып қорқып отыр.

Алматыда 18 жастағы жігітті бұзақылар соққыға жығып, саусығын кесіп тастаған

Бұл туралы 31-арна-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

18 жасқа толуын кафеде атап өткен Данияр Машуровқа туған күнінде алты адам шабуыл жасаған. Мотоциклмен келе жатқан жігіттің жолын 46 жастағы ер адам кесіп өткен. Жас жігітпек ересек азаматтың арасындағы қақтығыс дәл жол бойында орын алып, кейіннен олар өз жөндеріне кеткен. Бірақ, кейінірек жас жігітпен қақтығысып қалған ер адам оны аңдып, достарымен бірге оған шабуыл жасаған көрінеді.

«Олар менің саусағымды кесіп тастағылары келді. Мені екі адам ұстап тұрды, біреуі пышақты алып, бүйірімнен қойып қалмақшы болды. Мен аяғымды қоя қалып едім, соққысы аяғыма тиді. Сосын ол саусағымды кесіп тастады»,- дейді жәбірленуші.

Данияр басынан металды затпен соққы алғандықтан қазім ем алуда. 12 шілдеде бұзақылардың қолынан мерт бола жаздаған Данияр келесі күні полицияға арыз жазды. Күдіктілердің екеуі табылғанымен, бірақ сол күні босатылды. Сол себептен, жәбірленушінің анасы ұлын соққыға жыққан қылмыскерлер жазадан құтылып кетуі әбден мүмкін деп шырылдауда.

«Бастапқыда 13-ші күні тергеуші келіп: күдікті сізбен сөйлескісі келеді, ол балаңыздың еміне кететін шығынды өзі көтеріп алмақшы. Барлық материалдық және моральдық шығындарды төлегісі келетінін айтты дейді. Ал, мен оның ұсынысынан үзілді-кесілді бас тарттым. 5-6 адам бірігіп баланы ортаға салып ап тепкілеп, соғады. Тіпті, жануарлардың өзіне олай жасамайды»,- дейді жәбірленушінің анасы.

Алайда, Даниярды соққыға жыққан басты күдіктінің бұл оқиғаға қатысты өз нұсқасы бар көрінеді. 46 жастағы ер адам бірінші болып Даниярдың өзі шабуыл жасады дейді. Оның сөзінше, жас жігіт оны аңдып, үйіне қоқан-лоққы көрсетіп барған. Содан кейін ғана ер адам оған қарсы кездесуге шыққан.

«Біз төбелесті жолда бастадық. Олар маған шабуыл жасады. Мен кафеге барған емеспін, үйде балаларыммен бірге болдым»,- дейді Адылжан Мәсімов.

Шындық кімнің жағында, енді оны полиция анықтауы тиіс. Бірақ, полицейлер әлі күнге дейін оқиғаның куәгерлерінен жауап алмаған екен. Тәртіп сақшылары тіпті бейнебақылау камераларындағы видеоны да тексермепті. Ал, Даниярдың анасы Разия болса бұл істі жауып тастайтын болды деп қорқады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау