Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 15 жастағы жасөспірім ұрыны ұстауға көмектесті

Алматыда 15 жастағы Мұхамедамин Килоев үйіне бара жатқан жолда ұрыны ұстап, жалғыз өзі қарсылық көрсеткен.

  

Алматы полициясы ұрыны ұстауға көмектескен жасөспірімді марапаттады, деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.

«Мен емханадан шықтым. Біреулердің жан-айқайын естіп, қаша жөнелген ер адамның артына түстім. Қуып жеткен соң екеуміз төбелесе кеттік. Ер адам бір сәтте көзімнен бөтелкемен ұрып жіберді», – деді жасөспірім. Бөтелкенің сынығы баланың сол көзіне сәл-ақ жетпей қалған. Сол уақытта көшедегілер «102» нөміріне қоңырау шалып үлгерген. Осылайша, зейнеткердің тонамақ болған ұры ұсталды. «Жасөспірімнің әрекеті жастарға үлгі боларлық әрекет. Азамат болу міндетің демекші, кез-келген жерде адамдар өзінің азаматтық парызын өтеуі керек. Ол өзінің денсаулығын қатерге тікті», – деді Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев. Аудан әкімшілігі жасөспірімге көрсеткен азаматтығы үшін ноутбук сыйлады.

М.Килоев №125 мектепте полицияның жас көмекшілері жасағының белсенді мүшесі. Баласының бойында осындай жақсы қасиеттерді сіңіре білгені үшін оның анасы Марина Юрийқызы да марапатталды

Талқылау