Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 14 автокөлікті соққан трамвай жүргізушісі көлік жүргізу құқығынан айырылды

Былтыр Алматыда жолындағы көліктің барлығын жайпап өткен трамвай оқиғасы ірі жол-көлік апатына себепкер болған еді. Нәтижесінде оқиғаға трамвай жүргізушісі кінәлі деп табылып, 9 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

21187b765b8859a79880665df832abe5

Сурет www.express-k.kz сайтынан алынды

2015 жылы 13 қазанда КТ-4D маркалы трамвайды тізгіндеген Тұрсынова 14 көліктің соқтығысуына себепкер болған еді. Нәтижесінде көлік иелеріне механикалық және материалдық зиян келген болатын.

ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610 бабы 2 тармағы бойынша трамвай жүргізуші азаматша Тұрсынова кінәлі деп табылды. Ол өз кінәсін мойындады.

“Сот қаулысы бойынша Г.Тұрсынова әкімшілік құқық бұзды деп айыпталып, 9 айға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылды” – делінген хабарламада.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді.

Талқылау