Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 128 миллион теңгенің айыппұлы төленді деген жалған түбіртек өткізілген

Қалалық прокуратураның арнай тексеру жүргізуі кезінде  128 миллион теңгенің төленгенін растайтын, жалған қағаз өткізілгені анықталған. Осыншама  қаржыны  8 мыңнан аса адам  бюджетке төлеуі тиіс болған.

деньги

Бұл қылмыс қалалық прокуратура мен мемлекеттік кірістер департаменті ұйымдастырған арнайы тексерудің кезінде анықталған. Бұл туралы “Қазақстан-Жаңалықтары” сайты хабарлайды.

«8 мың адамның атынан  әкімшілік айыппұлдар бойынша жалған чектер өткізілген. Олардың барлығын қосқанда бюджетке 128 миллион теңге өткізулері керек еді»,-делінген қалалық прокуратураның баспасө қызыметі жіберген хатта.

Айтакетсек, Алматы прокуратурасының  талап етуімен  мемлекеттік кірістер  департаментінің қызметкерлері, қаржы бақылау  инспекцися біріге отырып  әкімшілік айыппұлдар бойынша  жасалған төлемдерге тексеру ұйымдастырған. Мұндағы айыппұлдардың барлығы төленген,әрі полиция қызметкерлері оны ортақ базадан өшіріп отырған.

« тексеру нәтижесі бойынша, 8 341 азаматтың 128 062 030 теңгеге жасаған төлемі үшін берілген растау қағаздары жалған болып шыққан. Яғни тізімге іліккен 8 341 адам жалған чек өткізген болуы мүмкін. Себебі, онда төленген қаржы тиісті орынға жеткізілмеген»,-делінеді  хатта.

 Қалалық прокуратура қызметінің баспасөзі жалған құжат пайдаланғандар бойынша сот алды тексеру ісі басталып кеткенін хабарлайды. Осыған байланысты ҚР ҚК 232 бабы 2 бөлімі бойынша  қылмыстық іс ашылған. Қазіргі уақытта қылмыстық істі  мемлекеттік кірістеп департаменті қарап жатыр.

 

 

Талқылау