Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 11 жасар баланы қасақана өлтіргендердің үкімі өзгерген жоқ

Алматы облысында Өркен Азаматұлының қазасына кінәлі деп танылған өгей анасы мен оның ересек балалары сотқа қайта шағым түсірген болатын. Тараптарды мұқият тыңдаған сот алғашқы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Ал Өркеннің туған анасы кінәлілерді өмір бойғы жаза тартқыза алмағанына қапалы. Бұл туралы КТК хабарлайды.

99809809896879

Фото: Серикжан Ковланбаев, Sputnik Қазақстан

Естіген жұрттың жағасын ұстатқан ауыр қылмысқа қатысты апелляциялық сотқа кінәлілер тарапынан жоғын жоқтап келген бір де бір туысы болмады. Тек ұзақ жыл арқалағандардың адвокаттары ғана түрлі дәлел келтірген болып, қорғауындағыларды ақтауды сұрады. Алайда жантүршігерлік жайтқа қатысты шешім шығарарада судья да көп ойланған жоқ. Жазаларын өзгеріссіз алдырды.

“Іс бойынша ауырлататын мән-жайлардың негізі болмағандықтан, 2-ден 3 бөлігіне тағайындалған жаза жоғары болмау керек. Сол себепті біз мына тағайындалған жазаның мөлшерін азайтып отырмыз. Бірақ, 58 баптың 3 бөлігіне негізделе отырып, түпкілікті жаза сол бірінші сатыда қалған мерзімде қалып отыр”, – деді судья Мейрамбек Таймерденов.

Өркенді өлтіруге тапсырыс берген өгей анасы Шәрипа Ақбердиева – 25 жыл, оның ұлы Темір Ақбердиев – 23 жылға, қызы Айдана Ақбердиева – 16 жылға, өгей баласы Қадыржан Гулямов – 12 жылға және көлік тізгінінде болған Руслан Мүтәліпов – 17 жылға сотталған болатын. Ал алдыңғы сотта кінәлілерді өмір бойына қамата алмаған марқұм баланың туған анасы осы шешімге де ризамын дейді.

“Апелляциялық соттың шешімімен келісем. Тағайындалған жазаның бәрі сол күйі қалдырылды. Өмір бойына түрмеге қаматсам ба дегем. Бірақ, заң бойынша оған мүмкіндік жоқ екен”, – деді Өркен Азаматұлының анасы Айжан Қыдырмолданова.

Бұдан бұрын да айтылғанындай, қаршадай баланың қыршын кетуіне өшпенділік себеп болған. Ал осы қылмыстағы басты кейіпкер Шәрипа Ақбердиеваның апелляциялық шағымы кеш түсуіне байланысты тіпті қаралған да жоқ.

Бұған дейін полиция өгей шешенің өш алу үшін баланы ұрлап әкетіп өлтіргенін хабарлаған еді. Әйел қанды іске тіпті өзінің туған балаларын да араластырған. Еске сала кетсек, 11 жастағы 6 сынып оқушысы 19 қаңтар күні жоғалып кетеді. Баланың жоғалғаны туралы оның әжесі сол күні кешке полицияға шағым түсірген.

22 қаңтарға қараған түні Өркен Азаматұлының денесі Наурызбай ауданындағы саяжайлардың біріндегі жерасты ғимаратынан табылған.

Оқи отырыңыз:

Қырғызстанда тура шекарада қанды теракті жасамақ болғандар қолға түсті

Колледж түлектерінің былапыт сөзді қарша боратқан атышулы видеосы жұртты шошытты

Жамбыл облысында танымал мафияның белсенділері ұсталды

ЭКСПО билеттерін алуға қандай жеңілдіктер бар

Талқылау