Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 1000 жылдық алаңы пайда болады (фото)

Алматыда 1000 жылдық алаңы пайда болады. Жаңа нысан Пушкин көшесінде орналасқан бұрынғы Саяси ағарту ғимаратының алдында бой көтереді.

20160414011053

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Ғимараттың жаңа келбеті туралы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС құрылыс бойынша директоры Шоқан Жәмішев айтты. Мыңжылдық алаңы Алматының осы аралықта қалай өзгергенінен хабар беретін болады. Алаңның солтүстік жағынан салынатын қабырғаға қаланың қалыптасу тарихы бейнеленбек.

Сондай-ақ, мұнда 1000 субұрқақ қойылып, түрлі-түсті оттар мен субұрқақтар жарық пен әуенге қарай мың құбылып тұрады.

Баспалдақтардың жартысы амфитеатр түрінде жасалады. Мәдени шараларға келген көрермендер аталған орындарда концерт тамашалай алады. Сәулет жобасы белгілі архитектор Тоқтар Ералисовпен келісілген.

20160414011058

20160414011104

Талқылау