Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 100-ден астам адам алапат өртті сөндірді (фото)

Алматыда 18 қазан күні түнде алапат өрт болып, оны сөндіруге 100-ден астам адам араласты.

Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“101” пультіне түнгі сағат 3-те Жетісу ауданында орналасқан офистік ғимарат аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түседі. 3 минуттан кейін оқиға орынына жеткен алғашқы өрт сөндіру бөлімі іске кіріскен.

Ол кезде 2 қабатты ғимараттың шатыры жанып жатқан. Өрттің көрші орналасқан цехты да қамту қауіпі байқалады. Өрт шыққан орында төрт штаб ұйымдастырылып, бірнеше күш пен адамдар қызыл жалынды ауыздықтауға жұмылдырылады.

Өртті сөндіруге бағытталған ең ұзын гидрант 1,5 шақырым болғандықтан, “Алматы Тазалық” коммуналдық қызметінің су таситын көліктері пайдаланылады.

Өрт сөндіруші-құтқарушылар өртті сағат 05:39-да толықтай өшіреді. Өрттің жалпы аумағы 3500 шаршы метрді құраған. Төтенше жағдайдан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Өртті сөндіруге жеке құрамның 120 адамы мен 27 техника бірлігі жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз:

Батыс Қазақстанда балаға қасқыр шапты

Қостанай облысында полицейлер жанып жатқан үйден әйел мен үш баланы алып шықты

Ақтөбеде бәйге мәресіне жеткен сәйгүлік мерт болды

Аружан Саинды Египетте моторлы қайық соғып кетті

Талқылау