Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда 10 адам шошқа тұмауын жұқтырған

Бүгін Алматы қаласының дәрігерлері әлеуметтік желілерді әр түрлі тұмау салдарынан орын алған өлім-жітім туралы қауесеттерге байланысты түсініктеме берді.

врачччч

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Алмаш Ахметова 2015 жылдың 10-шы желтоқсаны мен  2016 жылдың 14-ші қаңтары аралығында Алматыда А H1N1 типті тұмауды жұқтыруға байланысты 10 оқиға тіркелгенін айтты.

Олардың жетеуі – ересек азаматтар, қалғаны – 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер.

«Егер науқастар дер кезінде дәрігерге қаралатын болса, тұмауды толығымен емдеуге болады. Әлеуметтік желілердегі ақпараттар шындыққа жанаспайды. Онда мұндай қайғылы оқиғалар қай елде, қай қалада болғаны айтылмаған. Ал, Алматыда тұмау салдарынан қайтыс болуға байланысты ешқандай оқиға тіркелген жоқ» – деді ол.

Айта кетелік, Алматыда эпидемиологиялық маусым басталғалы бері 43 мыңнан астам адам жедел респираторлық-вирустық инфекцияны жұқтырған. Бұл, бұған дейінгі маусыммен салыстырғанда – 7 пайызға жоғары.

Сондай-ақ, Алматыда 2015 жылдың қазан-қараша айларында 165 мыңнан астам адам тұмауға қарсы егу жасады.

Мамандардың айтуынша, жедел респираторлық-вирустық инфекцияға барынша көп шалдығу кезеңі осы қаңтар айының аяғына тура келеді. Осыған байланысты дәрігерлер адамдарға дәл осы кезеңде көпшілік орындарға бара бермеу керектігін ескертеді.

 

Талқылау