Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үздік татуировка шеберлері анықталды (фото)

Алматыда еліміздегі тату-индустрияны дамытуға бағытталған Tattoo Awards 2016 атты тамаша жоба басталды. Адам денесіне ерекше сурет салатын шеберлерге арнаулы дипломдар табыс етілді. Салтанатты кешке татуировканың күллі жанкүйерлері келді.

1477

Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.

Белгілі стилист, визажист әрі сұлу келіншек Анастасия Доронина өзінің бай тәжірибесін әріптестерімен әркез бөлісіп, осы бағытта жұмыс істеп жүрген мамандардың басын қосып жиі іс-шаралар өткізеді. Оның боди-арт бағытындағы фестивалі көптеген көрермен жинап, танымалдылық тұрғысынан да артып келеді.

Анастасия тату салушылар ешқашан көлеңкеде қалуы тиіс емес деп санайды. Сол үшін барлығына ортақ 1st Tattoo Awards шарасын ұйымдастырып отыр. Марапаттау кешіне тату шеберлері кешікпей келді. Алғашқы дипломдар осы салада жылдан бері тер төгіп жүрген Тахир Камашев, Прохор Пирогов, Андрей Соколов және Сергей Фурманов секілді мамандарға тапсырылды.

Көңілді кеш барысында жас дизайнер Гузаль Мирза өзінің әйелдерге арналған топтамасын да таныстырды. Шаштараздар командасы да өз үлгілерін келушілерге паш етті. Ұйымдастырушылар бұл шараны келесі жылы да өткізуге ниетті.

61d5e8ce6cfcb1370a81490ca82f738f

89dbdec109e40af99a31c2d4707d02b0

147

321

1477

5454

14744

44444

44141

Талқылау