Алматыда үш науқас психиатриялық клиникадан қашып кетті

Алматыдағы психиатриялық клиникада ерікті емделуден өтіп жатқан үш жасөспірім ауруханадан қашып кетті. Оларды полицейлер мен емхана қызметкерлері үшінші күн іздестіруде, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.

Алматыда үш науқас бала психиатриялық клиникадан қашып кетті

Науқастардың бірінің анасының қалалық клиникалардың бірінде ерікті емделуден өтіп жатқан қызын іздестіріп жатқаны белгілі болды. Ақпаратқа сүйенсек, қыз кәмелеттік жасқа толмаған.

«Сәрсенбі күні сағат 17: 00-де үш бала, соның ішінде менің қызым клиникадан шығып кетіп, сол күйі не үйге, не ауруханаға оралмады. Қызыммен бірге қашып кеткендердің бірі 13 жасар бала болса, екіншісі 16 жастағы Кәмила есімді қыз. Олар клиника аумағында орнатылған камераға түсіп қалған, қазір үш бала да іздестірілуде. Сондай-ақ, жасөспірімдерді іздеумен полиция қызметкерлері де айналысып жатыр. Менің қызым 14 жаста, оның көзіне белгісіз нәрселер елестей бергендіктен сол клиникаға жатқызған болатынбыз. Ол өзі де сонда жатып, тексеруден өтуге келсіп, қуанған еді»,- дейді қыздың анасы.

Анасының сөзінше, ол клиникада екі күн жатып, сол балалармен бірге кетіп қалған. Үйден көп шыға бермейтін қыздың анасы оның қайда баруы мүмкін екенін білмей дал болуда. Емделініп жатқан жерінен қашып кеткен 14 жасар қыз джинсы мен қонжықтың суреті бейнеленген ашық-жасыл түсті кеудеше киген.

Сонымен қатар, психиатриялық клиниканың амбулаториялық-емханалық жұмысы жөніндегі бас директордың орынбасары Қуаныш Алтынбеков бұны «қашып кетуге» жатқызуға болмайтынын айтты. Оның сөзінше, ем ерікті болғандықтан, науқас ары қарай емделуден өте ме, өтпей ме оны өзі шешеді.

«Бізде науқастар ерікті түрде емделеді. Емделгісі келсе қалады, егер емді қажет етпеймін десе кете береді. Қазір психиатриялық қызметтің барлық жүйесі пациенттің көмегімен көрсетілетін қызметтің бағытын алып жатыр. Мұнда адамды қабылдап, оны қамап ұстап отыру деген жоқ. Бүгінде барлық ем ерікті. Бұл жағдайда «қашып кетті» деп айту орынсыз. Мұны ерікті түрде кетті деп қарастыруға болады. Яғни, үш науқас айталық, өз еркімен кеткен. Оларда дромомания симптоматикасы, үйден кетіп қалуға бейімділік байқалады. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жүріп жатыр. Оның ішінде біздің қызметкерлер мен полиция қызметкерлері бар », – деді Қуаныш Алтынбеков.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр