Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үш әйелді қатігездікпен өлтіріп, біреудің мүлкін өртеген қылмыскердің ісі сотта қаралуда

 Үш әйелді өлтірді деген күдіктінің ісі Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралуда. Ер адам бірнеше мәрте зорлық жасағаны және қатігездікпен адам өлтіргені үшін күдікті деп танылған.

Сондай-ақ оған қылмысын жасыру үшін басқа біреудің мүлкін жойды деген айып тағылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкерлерінің қолына түскен қылмыскер Жетісу ауданында әпкелі-сіңілі қыздарды өлтіргенін мойындаған болатын. Оған қоса ол ізін жасыру үшін біреудің жеке үйін өртеп, көшедегі жолаушыны өлтірген.

Айыпталушы өткен жылдың желтоқсан айында Райымбек даңғылы мен Бөкейхан көшесінің қиылысында көшедегі бойжеткенді зорламақшы болған.

Ол қызды жақын маңдағы жылу құбырына апарып арам ниетін іске асырайын деген. Бірақ бойжеткенді кейбір себептермен зорлай алмаған қылмыскер жәбірленушінің күре тамырын әйнек сынығымен кесіп жіберген. Содан қыздың ұялы телефонын алып, полицияға қоңырау шалған. Ол құқық қорғау қызметкерлеріне оқиға орнында бір бойжеткеннің қансырап жатқанын айтқан. Нақты мекенжайды бермеген қылмыскер, жедел жәрдем үлгеріп келсе қыз аман қалуы мүмкін деп ескерткен. Дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері жәбірленушіні кем дегенде 40 минут іздеген. Кейін құтқарушылар қыздың қансырап жатқан өлі денесін тапқан.

Полиция қызметкерлері қосымша көмектің арқасында қылмыскерді іздестіріп, оны шағын аудандардың шетінде орналасқан бір аумақта қолға түсірген. Алайда Алматы ІІД-і қылмыскердің жәбірленушілердің бірінің ішкі ағзасын кесіп тастағаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бірақ, күдіктінің көршілері оның адам бармайтын қылмыс жасауға қабілетті екенін айтты.

Жіберіп алмаңыздар:

Бұл не масқара: ШҚО әкімі өңірді суға кетірген басшыларға шүйлікті 

ЖОО-ға қосымша гранттар туралы ақпарат қашан шығатыны белгілі болды

Зорлық болмаған: 1-сынып оқушысына қорлық көрсетті деген іске нүкте қойылды

Almaty Towers-тегі өрт: Айыпталушылар соңғы сөздерін айтты

Талқылау