Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйіне ірі көлемдегі ақшамен келе жатқан ер адамды аяусыз сабап кетті

24 қазан күні кешке Алматыда үйіне ірі сомадағы ақшамен қайтып келе жатқан ер адамға жаппай шабуыл жасалды.

Бұл туралы Zakon.kz жазады.

Зардап шегушінің туысқан інісінің айтуынша, оқиға 18:00-19:00 аралығында Розыбакиев көшесіндегі №103 үйдің маңында болған. Үйіне келген ер адам тұраққа көлігін қойып, сыртқа шыққан кезде оны артқы тұсынан келіп басынан ұрған. Сосын ер адамның аяқ-қолын байлап, аяусыз ұрады. Ақшасын тартып алғаннан кейін, тағы да ақша дайындап қою керектігін талап етіп кетіп қалады.

Осыдан соң аяқ-қолы байланған ер адамды Ангарская көшесіне шығарып тастап кетеді. Зардап шеккен ер адамды такси жүргізушісі байқап қалып, үйіне алып барады.

Қазіргі таңда зардап шегуші ауруханада жатыр. Туысының сөзінше, оның басы жарылып, құлағы жыртылып, бет-ауызы жырылған. Аталған факті бойынша Бостандық аудандық ішкі істер бөлімі қылмыстық іс қозғады. Туыстарының айтуынша, ер адамда миллиондаған ақша болғандықтан, қылмыскерлер оны әдейі нысанаға алған. Алдын ала деректер бойынша шабуылдаушылар екі адам. Екеуінің бет-әлпеттері азиялық келбетте.

Қазір ер адамның туыстары оқиға куәгерлері мен ұрланған автокөлік іздеп жатыр.

Талқылау