Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда үйге түсетін ұрылар қылмыс үстінде ұсталды

Алматылық полицейлер тұрақты түрде пәтер тонаумен айналысатын ұрыларды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.

Қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрылар пәтерден ірі заттарды емес, құнды майда заттар мен ақша алып отырған.

«Алматыдағы Әуезов ауданында үйлер мен пәтерлерді тонайтындардың ісі  бақылауға алынды. Барлық тонау ісі бір біріне ұқсас болды. Олар білдірместен терезеден, есіктен кіріп, құнды заттарды, ақшаны алған. Үлкен заттарды алмаған. Осыдан соң бақылау бекеттерін орнаттық. Осылайша қылмы үстінде ұрыла ұсталды. Ең жас ұры 1992 жылғы. Алмат облысының тумасы. Бұрын іті болған. екіншісі 1986 жылғы азамат. Шығыс Қазақстаннан келген. Қазір ұрылардың өзге қылмысқа қатысы анықталып  жатыр», – дейді Әуезов аудандық ІІД қарамағындағы полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Диар Аханов.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау